Ұялы құрылғыларды басқару

Барлығын жаю | Барлығын жию

Kaspersky Security Center арқылы ұялы құрылғылардың қорғанысын басқару Ұялы құрылғыларды басқару құрамдасы арқылы жүзеге асырылады. Егер сіз ұйым қызметкерлеріне тиесілі ұялы құрылғыларды басқаруды жоспарласаңыз, Ұялы құрылғыларды басқаруды қосыңыз және конфигурациялаңыз.

Ұялы құрылғыларды басқару, қызметкерлердің Android құрылғыларын басқаруға мүмкіндік береді. Қорғанысты, құрылғыларда орнатылған Kaspersky Endpoint Security for Android мобильді қолданбасы қамтамасыз етеді. Бұл мобильді қолданба ұялы құрылғыларды веб-қауіптерден, вирустардан және қауіп төндіретін басқа бағдарламалардан қорғайды. Kaspersky Security Center Web Console арқылы орталықтандырылған басқару үшін Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы орнатылған құрылғыға келесі басқару веб-плагиндерін орнату қажет:

Қорғанысты орналастыру және ұялы құрылғыларды басқару туралы ақпаратты Kaspersky Security for Mobile анықтамасынан қараңыз.

Kaspersky Security Center Web Console серверінде Ұялы құрылғыларды басқару параметрлерін өзгерту

Ұялы құрылғыларды басқару параметрлерін өзгерту үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Қосымша порттар бөлімін таңдаңыз.
  3. Қажетті параметрлерді өзгертіңіз:
    • Ұялы құрылғыларға арналған портты ашу
    • Ұялы құрылғыны синхрондау порты
    • Ұялы құрылғыларды белсендіруге арналған порт
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

Ұялы құрылғылар Басқару серверіне қосыла алады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Пайдаланушыны құрылғының иесі етіп тағайындау

Басына оралу